Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігер болып тағайындалды

Ақпаратты Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметінің басшысы Ақмарал Олжабаева растады.

Сархат Бейсенова 2020 жылғы мамырында декретке шыққанға дейін елорданың санитар дәрігері қызметін атқарды. Сол уақытта оның орнында Жанна Пірәлиева қызмет атқарып келген, ол қазір эпидемиологиялық мәселелер жөніндегі басшының орынбасары қызметін атқарады.