Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан әкімдігінің жұмысына оң баға берді

Атап айтқанда, ол тұрғын үй, мектептер, ауруханалар мен емханалар, жеңіл атлетика стадионын салу жоспары мен қазақ драма театрының құрылысы туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмысы төмен отбасыларға және мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік көмек беру мен халықтың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмысты жалғастыру қажет екенін айтты. Сонымен қатар ол әкімге қаланың инженерлік желілерін нығайту мен кәріз жүйелерін жаңарту жөнінде нақты тапсырма берді.

Президент Нұр-Сұлтан әкімдігінің жұмысына оң баға беріп, қаланы абаттандыру ісін одан әрі қарқынды жүргізу бойынша міндеттер қойды, — деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.