Басты бетҚоғамДжо Байден...

Джо Байден АҚШ-та өлім жазасын алып тастайды — БАҚ

Басылымның мәліметінше, Джо Байден АҚШ Әділет министрлігіне жаңа жазаларды жоспарлауды тоқтатуды тапсырған. Джо Байден өлім жазасына ашық түрде қарсы шыққан алғашқы президент екені айтылған.

Алайда Ақ үйдің баспасөз хатшысы Дженнифер Псаки Джо Байденнің өлім жазасына қатысты жоспары туралы сұрақтарға жауап берген жоқ.

Байден өзінің сайлау науқаны кезінде федерал деңгейде өлім жазасын жоюға уәде берген. Ол «федералды деңгейде өлім жазасын алып тастау туралы заң қабылдауға және штаттарды федерал үкіметтің үлгісімен жүруге шақыруға» уәде еткен.

2021 жылдың басында АҚШ-та әйелге 1953 жылдан бергі алғашқы өлім жазасы орындалды. 52 жастағы Лиза Монтгомериге Индиана штатындағы Терре-Хот түрмесінде өлім инъекциясы салынды.