Қазақстан Президенті Джо Байденді сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Джо Байден мырзаны АҚШ президенті болып сайлануымен шын жүректен құттықтаймын. Біздің елдеріміз арасындағы өзара мүдделі салаларда жемісті ынтымақтастық орнатамыз деген үміттеміз, — деп жазды Қазақстан Президенті Twitter желісінде.

Еске салайық, CNN телеарнасы мен NBC және AP агенттіктері демократиялық кандидат Джо Байден АҚШ президенті болып сайланғанын хабарлаған еді.