Басты бетҚоғамДональд Трамп...

Дональд Трамп импичмент рәсімінде ақталып шықты

АҚШ Сенаты экс-президент Дональд Трампты импичмент рәсімінде ақтап шықты. Айыптау қорытындысын шығару үшін дауыс жетпеді. Бұл туралы «Голос Америки» сайты хабарлады.

Бұл — еліміздің тарихындағы жалмауыз кемпірлерге ең үлкен аңшылықтың тағы бір кезеңі. Ешқандай президент мұндайды басынан өткермеген, — делінген экс-президенттің мәлімдемесінде.

Трамп «Америка ұлылығын арттырудағы жолын жалғастыруға» уәде берді.

Алдағы айларда сіздермен көп нәрсе бөлісемін және Американы ұлы етуге бүкіл халқымыз үшін бірлескен жолымызды жалғастырамын деп үміттенемін. Алда жұмыс көп, жақын арада Американың жарқын, шексіз болашағы туралы тұжырымдамамызды ұсынамыз, — деді Дональд Трамп.

Сенбіде Трампқа үкім шығаруға 57 сенатор, оның ішінде жеті республикашыл дауыс берді және 43 заңшығарушы қарсы шықты. Айыптау үкімін бекіту үшін сенаторлардың кемінде үштен екісі, яғни 60 адам дауыс беруі керек еді.

Reuters мәліметінше, Сенат залында дауыс беру кезінде және одан кейін де хаос болған. Көптеген сенатор абдырап қалды, Рон Джонсон мен Митт Ромни жанжалдасып та алды.