Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

1000 теңгелік ескі банкноттарды айырбастау наурызда аяқталады

Фото: Nationalbank.kz

Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттарды айырбастау 2017 жылдың 2 наурызында басталды, 2021 жылдың 3 наурызына дейін жалғасады. Көрсетілген мерзімнен кейін Ұлттық банктің филиалдары аталған банкноттарды қабылдау мен айырбастауды тоқтатады, — делінген Ұлттық банк хабарламасында.

1000 теңгелік ескі банкноттарды айырбастау наурызда аяқталады1000 теңгелік ескі банкноттарды айырбастау наурызда аяқталады

Банкноттарды қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастау тек қана Ұлттық банктің филиалдарында жүзеге асырылады. Филиалдардың мекен-жайы мен байланыс телефондарын мына жерден көруге болады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Ұлттық банктің 1477 нөмірі бойынша байланыс-орталығына хабарласу керек.