Заң бойынша құжаттардың тек 12 түрі жеке басты куәландырады. Студенттік билет оған кірмейді, бірақ жүргізуші жеке куәліктен басқа төлқұжатты көрсете алады, — деді Серік Түсіпов.
Ол «Қазақстандықтар жеке куәлігінің электрон нұсқасын көрсете ала ма?» деген сұраққа жауап берді.
Қазір цифрлық даму министрлігі құжаттар сервистерін дамытып жатыр. Бірақ жеке басын куәландыратын құжаттар туралы заңға сәйкес, оларға тек материалдық объектілер жатады. Бірақ бұл жұмыс жалғасады, цифрлық технологиялар бір орында тұрмайды, дамиды, олардың құқықтық мәртебесі де өзгереді. Сондықтан алдағы уақытта цифрлық құжаттарды пайдалану мүмкін екенін жоққа шығармаймыз, — деді Серік Түсіпов.
13 ақпаннан бастап қазақстандықтарға өздерімен бірге жүргізуші куәлігі мен техқұжаттарын алып жүруі міндетті емес. Жүргізушілерде тек жеке куәлігі болуы керек.
Бұған дейін Қазақстанда жүргізуші құжаттарының бірін алуға ұмытып кетсе, ескерту немесе 5 АЕК (13 225 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған. 13 ақпаннан бастап айыппұл салынбайды.