Алекцей Цой қазақстандық вакцинаны салдырады

Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі — бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов Орталық коммуникациялар қызметінде хабарлады.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандық вакцинаны салдыратын мақсаты бар. Министр өзіміздің елдің вакцинасы дайын болғанда қабылдайды, — деді бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният әріптесінің сөзін нақтылап, министр Алексей Цой QazCovin-in вакцинасын салдырмақ ниетті барын айтты.

Айта кетейік, 1 ақпанда Қазақстанда жаппай вакциналау басталды.

Вакциналаудың алғашқы күні бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов пен вице-министр Ажар Ғиният ресейлік «Спутник V» вакцинасын салдырды.