Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Ұлттық банк төрағасы Мемлекет басшысына қаңтар айындағы ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы, Ұлттық қордың алтын-валюта резерві мен активінің жай-күйін айтты, — делінген хабарламада.
Ерболат Досаев әлемдік экономиканың қалпына келу үрдісі, инфляция мен валюта айырбастау бағамының қазіргі жағдайына тоқталды.
Ұлттық банк төрағасы сонымен бірге Қасым-Жомарт Тоқаевқа азаматтардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану барысы туралы айтты.
Айта кетейік, 3 ақпан күні біржолғы зейнетақы жинағын алған алғашқы қазақстандық баспаналы болды.