Мәжіліс депутаты ұлттық экономика министріне ескерту жасады

Құрметті Әсет Арманұлы, бүгін алғаш рет 30 жылдық тәуелсіздігі бар мемлекеттің Мәжілісіне келіп тұрсыз. Алғаш рет келгеннен кейін тілек айтуға рұқсат етіңіз. Қазақша қойылған сұрақтың барлығына ешқандай рұқсат сұрамай, сырғып, орыс тіліне қарай ауысып кеттіңіз. Сіз жасыңызға қарамай, 18 миллион адамның ішінен министр болуға жараған екенсіз, осы тәуелсіздіктің құрдасы деп санаймын, жасыңыз да осы тәуелсіздікпен шамалас шығар. Өз ана тіліңізде жауап бермегеніңізді ұят деп санаймын. Сондықтан келесі отырыста қазақ тілінде қойылған сұраққа ана тіліңізде жауап беріңіз, рақмет, — деді депутат Берік Дүйсембинов Мәжіліс отырысында.

Әсет Ерғалиев — Қазақстандағы ең жас министр, 34 жаста.

Ол ұлттық экономика министрі болып 2021 жылы 18 қаңтарда тағайындалды.