Жарлық Ақорданың сайтында жарияланды. Мемлекет басшысының жарлығымен тағайындалды:
Әлихан Смайылов – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары;
Роман Скляр – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары;
Ералы Тоғжанов – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары;
Мұхтар Тілеуберді – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі;
Ғалымжан Қойшыбаев – Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесінің басшысы;
Нұрлан Ермекбаев – Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі;
Ерлан Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі;
Аида Балаева – Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрі;
Сапархан Омаров – Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі;
Марат Бекетаев – Қазақстан Республикасының әділет министрі;
Асхат Аймағамбетов – Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі;
Алексей Цой – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі;
Серік Шәпкенов – Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
Бейбіт Атамқұлов – Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;
Ерұлан Жамаубаев – Қазақстан Республикасының қаржы министрі;
Ақтоты Райымқұлова – Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі;
Бақыт Сұлтанов – Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі;
Юрий Ильин – Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрі;
Әсет Ерғалиев – Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрі;
Бағдат Мусин – Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;
Мағзұм Мырзағалиев – Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі;
Нұрлан Ноғаев – Қазақстан Республикасының энергетика министрі.
Әсет Ерғалиев пен Серік Шәпкенов жаңадан министр болды. Серік Шәпкенов мұның алдында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, ал Әсет Ерғалиев ұлттық экономика вице-министрі болды.
Мұхтар Тілеуберді екі қызметті: сыртқы істер министрі, сонымен бірге премьер-министрдің орынбасары қызметтерін қоса атқарады.
Ал қалған министрлер Үкімет отставкаға кеткенге дейінгі қызметтерінде қалды.
Еске салайық, 15 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминді премьер-министр етіп тағайындау туралы жарлық шығарды.