Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 190 мыңнан асты

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 190 мыңнан асты

Ең көп дерек Павлодар облысында тіркелді, өңірде бір тәулікте 235 науқас анықталды. Ақмола облысында 170, Нұр-Сұлтанда 130, Алматыда 113 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.

Бір күн бұрын Нұр-Сұлтан мен Алматыда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны тоқсанға жетпеген еді.

Өңірлердегі бүгінге дейін және бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны:

Нұр-Сұлтанда — 22 490(+130);
Алматыда — 22 328(+113);
Шығыс Қазақстан облысында — 20 407 (+81);
Атырау облысында — 16 233(+89);
Павлодар облысында — 14 083(+235);
Қарағанды облысында — 14 016(+63);
Ақмола облысында — 11 329(+170);
Батыс Қазақстан облысында — 11 198(+85);
Солтүстік Қазақстан облысында — 11 109(+76);
Қостанай облысында — 10 478(+84);
Алматы облысында — 9 415(+53);
Шымкентте — 5 896(+13);
Жамбыл облысында — 5 604(+15);
Түркістан облысында — 4 125(+4);
Маңғыстау облысында — 4 065(+9);
Ақтөбе облысында — 3 963(+5);
Қызылорда облысында — 3 620(+3).

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 190 359-ға жетті, 171 099-ы аурудан айықты, 2 565-і қайтыс болды.

COVID-19 белгілері бар пневмония

1 ақпандағы мәлімет бойынша 107 жағдай тіркеліп, 1 жағдай өліммен аяқталған. 201 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап COVID-19 белгілері бар пневмония жұқтырғандар саны – 48 005. Оның 571-і қайтыс болды, 36 229-ы сауығып шықты.