Нұр-Сұлтанда карантин шектеулері қалай өзгерді?

Бұл туралы Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

Сархат Бейсенованың 14 қаңтардағы қаулысы күшін жойды.

Жаңа қаулыға сәйкес, астанада сауда ойын-сауық орталықтары жексенбіні қоспағанда, 10.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді. СПА-орталықтарының, СПА-салондардың қызметіне жексенбі күндері тыйым салынды. Қалған күндері жұмыс кестесі 07.00-ден 23.00-ге дейін болады.

Сонымен бірге фитнес орталықтар апта бойы 07.00-ден 23.00-ге дейін ашық болады. Театрлар жұмыс істей береді, бірақ 65 жастан азаматтардың келуіне тыйым салынды.

Құжаттың толық мәтінін мына жерден оқуға болады. Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Айта кетейік, Қазақстанда кейінгі тәулікте 1 161 адамнан COVID-19 анықталды, оның 76-ы Нұр-Сұлтанда тіркелді. Астана коронавирус бойынша «сары» аймақта.