Қала құрылысын басқару басқармасының баспасөз қызметі хабарлауынша, көлік жуатын орын Қарасай батыр даңғылында, Әйтиев көшесі қиылысында орналасқан.
Тексеру нәтижесінде нысанның заңсыз салынғаны анықталды, қала құрылысын бақылау басқармасы сол кезде сотқа талап арыз берді, ол ішінара қанағаттандырылды. Кейінірек Алматы соты шешімімен талап арыз толық қанағаттандырылды, — делінген жазбада.
Қаңтар айында, барлық құжатты дайындағаннан кейін нысанды бұзу жұмысы басталды, бүгін толығымен аяқталды.
Бұған дейін басқарма Достық даңғылында орналасқан әйгілі Жан Плов Лагман мекемесіне қатысты осындай шара қабылдады. Басқарма мәліметінше, кафенің жазғы террасасы заңсыз салынған болып шықты.