Басты бетМедицинаҚазақстанда кейінгі...

Қазақстанда кейінгі тәулікте коронавирус ахуалы қалай өзгерді?

Ең көп дерек Павлодар облысында тіркелді, өңірде кейінгі тәулікте 238 адам COVID-19 инфекциясын жұтырған. Ақмола облысында 195 дерек анықталды. Ал қалған өңірлерде жаңадан жұқтырғандар саны жүзге жетпейді.

Өңірлердегі бүгінге дейін және бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны:

Нұр-Сұлтанда — 22 360(+76);
Алматыда — 22 215(+87);
Шығыс Қазақстан облысында — 20 326(+86);
Атырау облысында — 16 144(+52);
Қарағанды облысында — 13 953(+80);
Павлодар облысында — 13 848(+238);
Батыс Қазақстан облысында – 11 113(+55);
Солтүстік Қазақстан облысында — 11 033(+79);
Ақмола облысында — 11 159(+195);
Қостанай облысында — 10 394(+85);
Алматы облысында — 9 362(+75);
Шымкентте -5 883(+7);
Жамбыл облысында — 5 589(+8);
Түркістан облысында — 4 121(+19);
Маңғыстау облысында — 4 056(+8);
Ақтөбе облысында -3 958(+3);
Қызылорда облысында -3 617(+8).

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 189 131 жетті, оның 169 963-і жазылды, 2 569-ы қайтыс болды.

COVID-19 белгілері бар пневмония 

31 қаңтардағы мәлімет бойынша 24 дерек тіркелді, 128 адам сауығып шықты. Өліммен аяқталған жағдай жоқ!

2020 жылдың 1 тамызынан бері 47 898 адам коронавирус белгілері бар пневмония жұқтырған, оның 36 028-і аурудан айықты, 570 науқас қайтыс болды.