Синоптиктердің мәліметінше, республиканың солтүстік-батыс, батыс және оңтүстік аймақтарына фронтал бөлімдер әсер етеді.
Жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ болады, сонымен бірге екпіні күшті жел тұрады. Қазақстанның қалған өңірлерінде күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі, — деп хабарлады мамандар.
Еске салайық, мұның алдында 28-30 қаңтар күндері Қазақстанда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауатынын, сонымен бірге күн жылы болатынын хабарлаған едік.