Қазақстанның барлық өңірінде 29 қаңтарға дейін күн жауын-шашынсыз болады.
Мамандардың мәліметінше, 29 қаңтардан бастап батыстағы аймақтарға Солтүстік-батыс циклоны, ал 30 қаңтардан бастап оңтүстіктегі облыстарға Оңтүстік циклон келеді.
Оның әсерінен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, сонымен бірге температура фоны айтарлықтай артады, – деп хабарлады “Қазгидромет” кәсіпорнының мамандары.
Еске салайық, мұның алдында 26-28 қаңтар күндері күн жылы болатынын хабарлаған едік.