Уролог жыныстық қатынаc туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді

Baribar.kz «Интим: 16+» айдарын  жалғастырады. Бұл жолы оқырман сұрағының көбі алғашқы неке түні, анал және орал жыныстық қатынас түрлері, мезгілсіз эякуляцияға қатысты болды. Сауалдарды уролог-андролог Әлиайдар Сейділаханға қойып, жауабын алдық. Бұл — қаңтарда ең көп оқылған мақала.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Ашаршылық. 1921-1922 жылғы нәубет жайлы не білеміз?

Egemen Qazaqstan газетінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы жарияланды. Мемлекет басшысы атап өткен бірнеше мәселенің бірі — 1921-1922 жылдардағы ашаршылық. Мақалада Президент ашаршылық құрбандары санына қатысты нақты ақпараттың жоғын алға тартып, зерттеу жұмысы жүргізілуі керек екенін айтады. Осыған орай Baribar.kz нәубет туралы деректерге шолу жасады.

Сол бір адам: жолда қалған қыз бейтаныс жанның көмегі туралы

Редакцияның «Сол бір адам» айдарына бұл жолы Алматы тұрғыны Айгерім Әбдіғалым басынан өткен ерекше оқиғасын әңгімелеп берді. Ол сапар кезінде өзіне көмектескен бейтаныс азамат туралы баяндады. Бұл материал үштікке кірді.

"Сол бір адам"
Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов

Тест: қазақша дұрыс жазып жүрсіз бе?

Оқырмандарға Baribar.kz журналисінің «Қазақ тілінің анықтағышы» және «Орфографиялық сөздік» (2013 ж.) негізінде, сондай-ақ редактор, аудармашы мамандардың тәжірибесі бойынша дайындаған «Қазақша дұрыс жазып жүрсіз бе?» тесті қызық болған екен.

Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов

Тауарды онлайн алғанда қандай ережелерді сақтау керек?

Тауарды онлайн сатып алу үйреншікті әдетке айналды. Желідегі дүкендердің саны мен сапасы, әсіресе, карантин шектеулері кезінде артты. Онлайн төлемге деген сенім күшейді. Бұл саланың дамуының тағы бір белгісі — шопингті онлайн жасауды үйрететін мамандардың пайда болғаны. Динара Наметова осындай қызмет түрін ұсынады. Baribar.kz Динарамен әңгімелесіп, интернеттегі шопингте ескеру керек бірнеше ережені жазып алды. Бұл — топ-5 материалдың бірі.

Онлайн сауда
Иллюстрация: Dribbble.com/©Nyl Elvis