“Халықты мәжбүрлемейміз”. Марат Шоранов вакцинация туралы

Қазақстанда вакцина салуға ешкімді мәжбүрлемейді. Бұл туралы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты.

Біз екпеге халықты мәжбүрлемейміз. Бұл өз еркімен жасалады. Мұны тұрақты өмірге қайта оралу жөнінде ең маңызды жол деп санаймыз. Әрине, әр адам өз басымен шешім қабылдауы керек. Бірақ бүкіл әлем өздеріңіз білетіндей, бұл мәселені қатты көтеріп отыр. Бүкіл елдің Мемлекет басшылары мен министрліктері қалай өз халқына тезірек екпені жеткізу, оны жасау, қолжетімді ету жолдарын іздеп жатыр. Сондықтан да тағы бір айта кетейін, біз мәжбүрлемейміз, бұл Өз еркімен жасалады, – деді Марат Шоранов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингіде.

Еске салайық, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда 1 ақпанда коронавирусқа қарсы вакцинация басталатынын хабарлады.