26-28 қаңтар күндері күн жылы болады

Мамандардың мәліметінше, Қазақстанның солтүстігі жылы атмосфера фронттары жолына түседі.

Оның әсерінен аспанды тығыз бұлт басып, қар жауады, аяздың беті қайтады. Республика бойынша кей жерде тұман түседі, жел күшейеді, солтүстікте бұрқасын болады, — делінген «Қазгидрометтің» баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін 23-25 қаңтар күндері аяз 40 градусқа дейін күшейетіні хабарланған еді.