Басты бетҚоғамНұржан Жетпісбаев...

Нұржан Жетпісбаев Jas Otan төрағасы болды

Нұржан Жетпісбаев мұның алдында Теміртау әкімінің орынбасары болып қызмет етті.

Нұржан Арғынұлы өз еңбек жолын Jas Otan-ның белсендісі болып бастап, содан кейін 6 жыл көлемінде Қарағанды облыстық жастар қанаты филиалының басшысы, облыстың жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы болды, — делінген хабарламада.

Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Jas Otan-ның алдында қандай мақсат-міндеттер тұрғанын айтты.

Елбасының қатысуымен таяуда өткен Jas Otan-ның съезінде 5 жылдық «Жастар-Отанға!» бағдарламасы қабылданды. Бұл құжат жастарды қолдау бойынша 100 нақты жүйелі шараны қамтиды. Олардың қатарында әлеуметтік лифтілер құру және жастар бастамаларын жүзеге асыру, жұмысқа орналастыру және білім сапасын көтеру сияқты көп мәселе бар. Jas Otan-ның жаңа басшылығы мен жас депутаттық корпус алдында осы бағдарламаны тиімді жүзеге асыру міндеті тұр. Ең әуелі, бағдарламаның әрбір бағытына жауаптыларды белгілей отырып, республикалық және 216 өңірлік жол карталарын бекіту қажет. Тағы бір маңызды міндет — мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жастар саясаты туралы» жаңа заң әзірлеу жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру, — деді Бауыржан Байбек.

Еске салайық, Jas Otan төрағасы қызметін атқарған Елнұр Бейсенбаев Парламент Мәжілісі депутаты болды. Ол партияның жастар қанаты төрағасы қызметіне 2020 жылдың 23 қаңтарында сайланған еді.