Алматы облысы соты 2 ақпанға дейін карантинге жабылды

Талдықорғанның бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2021 жылдың 20 қаңтарындағы «Алматы облыстық соты» ғимаратында және аумағында карантин шараларын енгізу туралы» қаулысы шықты.

Қаулыға бойынша сот жұмысы қашықтан жұмыс істеу режиміне толық ауысады. Ғимаратқа СЭҚ қызметкерлерінен басқаларының келуіне қатаң тыйым салынады.

Осы мерзімде қарауға тағайындалған істер кейінге ауыстырылады, тағайындалған күні мен уақыты туралы ақпарат қатысушыларға қосымша жолданады.

ҚПК-нің 107-бабына сәйкес, келіп түскен материалдарды судья Талдықорған сотының ғимаратында қашықтан қарайды.

Айта кетейік, Алматы облысы коронавирус бойынша «сары» аймақта орналасқан.