Қазақстандағы Парламент сайлауының қорытындысы шықты

Сайлау қорытындысы:

Nur Otan партиясы — 71,09 %;
«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы — 10,95 %;
«Қазақстан Халық партиясы» — 9,10 %;
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы — 5,29 %;
ADAL саяси партиясы — 3,57 %.

Мәжіліс 107 депутаттан тұрады. Төменгі палатаның 98 депутатын партиялық тізімдер бойынша дауыс беру арқылы (яғни сайлау нәтижесінде) анықтайды. Кандидаттардың қайсысы Парламентке өтетіні туралы мәселені партияның басқару органы дауыс беру нәтижелерін шығарып, партиялық тізім алған мандаттар санын анықтағаннан кейін шешеді.

Cонымен бірге Мәжіліске Қазақстан халқы ассамблеясы атынан 9 депутат сайланды. Олар:

1. АБДРАХМАНОВ Сауытбек Абдрахманұлы – VІ шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаты, ҚХА мүшесі.
2. АМИРХАНЯН Аветик Рубенович – Батыс Қазақстан облыстық “Масис” армян этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі.
3. БУЛАРОВ Ильяс Юсупович – Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Сортөбе селолық округінің әкімі.
4. ДЕМЕНТЬЕВА Наталья Григорьевна – Көкшетау облыстық білім бөлімі “Техникалық лицей” КММ директоры.
5. ЛИ Юрий Виссарионович – “Қазақстан коллекторларының ұлттық палатасы” төрағасы, ҚХА кәсіпкерлер ассоциациясының мүшесі.
6. НАБИЕВ Вакиль Гусейнович – “Күрдтердің “Барбанг” ассоциациясы” республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті, ҚХА мүшесі.
7. ОСИН Шамиль Абзалетдинович – “Шығыс” фермерлік шаруашылығының жетекшісі, ҚХА мүшесі.
8. ТОХТАСУНОВ Владимир Имтахунович – “Жетісуоблгаз” ЖШС бас директоры.
9. ХАМЕДОВ Абилфас Муслимович – “Әзербайжандықтар ассоциациясы” республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі.

Еске салайық, 10 қаңтарда Қазақстанда Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау өтті. Cайлауға 5 партия – Қазақстан Халық партиясы, Nur Otan партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы, Adal саяси партиясы қатысты.

Сайлаушылар жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден бастап кешкі 20.00-ге дейін барлығы 10 060 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Республика бойынша дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды. Уақыт айырмашылығына байланысты Батыс Қазақстанның төрт өңірінде және Қызылорда облысында сағат 21.00-ге дейін созылды.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша сайлаушылардың жалпы саны — 11 915 903. Тізімге енген сайлаушылардың 63,3%-і дауыс берген.

Сайлауға қатысу бойынша жоғары белсенділік Солтүстік Қазақстан, Алматы, Ақмола облыстарында байқалды. Республика бойынша Алматы мен Нұр-Сұлтанда ең төмен көрсеткіш тіркелді.

11 қаңтарда 00.00-де «Қоғамдық пікір» институтының директоры Айнұр Мәжитова exit poll нәтижесін хабарлады.

Осы күні 15.00-де ОСК сайлаудың алдын-ала нәтижесін жариялады.