Нұрсұлтан Назарбаев немересі Айсұлтанның өлімі туралы айтты

Үш қызымнан керемет немерелерім бар. Өкінішке қарай, биыл (2020 жылы) өзіме қатты ұқсайтын бір немеремізден айрылдық. Мен ерте кеткен осы немерем үшін қатты өкінемін. Оны ешқайда жібермеуіміз керек еді. Бірақ оны ұстау мүмкін болмады. Ол осы істің құлы болды, тоқтай алмады. Оны Мәскеуде емдеттік, Лондонда да емдеттік. Қойған сияқты болды, сосын осыған қайта оралды, — деді Нұрсұлтан Назарбаев «Штрихи к портрету» деректі фильмінің үшінші бөлімінде.

Еске салайық, 2020 жылы 16 тамызға қараған түні Лондонда Айсұлтан Назарбаев қайтыс болды. Оның жүрегі тоқтап қалған, басқа мәлімет жоқ.

Айсұлтан Назарбаев — Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің екінші ұлы. Ол 1990 жылы 26 тамызда туған.

Айсұлтан Назарбаев Сандхерсттегі Британ король әскери академиясын (2009-10) және КИМЭП университетінің магистратурасын «бизнес-әкімшілік» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Қазақстанның Қорғаныс министрлігінде Бас барлау басқармасында қызмет еткен. Футболмен айналысқан, бірнеше Қазақстан және шетел клубында, соның ішінде «Портсмута» жасөспірімдер командасында ойнаған.

ФИФА, УЕФА халықаралық ұйымдарымен және Ұлттық қауымдастықтармен байланыс жөніндегі Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті болған.