Nur Otan партиясы Арысты дамытудың 7 бағытын таныстырды

Кездесу барысында Nur Otan партиясының  2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасының басымдықтары және Арыс Nur Otan партиясының қаланы дамыту бойынша 7 бағытпен таныстырып, насихаттады. Насихаттау барысында азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруда, мемлекет белсенді түрде әрбір отбасына тұрғын үй қолжетімдігін қамтамасыз ететіні айтылды. Бүгінгі таңда қалада 1770 адам тұрғын үй кезегінде тұрса, биыл 2 көпқабатты 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, кезекті тұрғындарға беріледі. 2025 жылға қарай бір адамға шаққана тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейін 15 тен 18 шаршы метрге жеткізіледі. Осынай басымдықтарға қолжеткізу үшін Nur Otan партиясы ықпалымен:

  • 2021 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Арыс қаласы «Барыс» шағын ауданында 60 пәтерлік 1 тұрғын үй (3 мың ш.м) құрылысын салуға;
  • 2022 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Арыс қаласы «Барыс» шағын ауданында 1 тұрғын үй (3 МЫҢ Ш.М) құрылысын салуға;
  • 2023 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Арыс қаласы «Барыс» шағын ауданында 1 тұрғын үй (3 МЫҢ Ш.М) құрылысын салуға;
  • 2021-2025 жылдар аралығында жеке тұрғындар қаржысы есебімен Арыс қаласы «Тараз-2» мөлтек ауданында егжей-текжейлі жоспарлау жобасы бойынша 300 га, 2051 учаскесінде жеке тұрғын үй құрылысы жүргізілетін болады;
  • Арыс қаласы «Отырар-2» мөлтекауданында 270 гектарға, 1202 учаскесінде жеке тұрғын үй құрылысы жүргізілетін болады.

Нәтижесінде 2025 жылы 1 адамға шаққанда тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейі 18 шаршы метрге жетеді деп жоспарлануда.

Кездесу соңында Қайта қалпына келтіру поездының мекемесінің жұмысшыларының жұмыспен қамту, зейнетақы және денсаулық сақтау бағыты бойынша сұрақтарына жауап беріп, Nur Otan партиясы жұмысындағы басты бағдар-жұртшылықтың талап тілектерімен мұң-мұқтаждықтары екенін атап өтті.

Ескерту: Nur Otan партиясы Арыс қаласы сайлау қорының қаражатынан төленді.