Кандидаттар 5 жылда халыққа қандай қолдау көрсетілетінін баяндады

Мәдениет үйінде өткен жиналыста кандидаттар ауыл халқына Nur Otan партиясының 5 жылдық сайлауалды бағдарламасын таныстырып, тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктері туралы сөз қозғады.

Жамбыл ауданы, Nur Otan
Фото: Nur Otan партиясының баспасөз қызметі

Сондай-ақ Nur Otan партиясының алдағы уақытта халыққа барынша көмек қолын созатынын жеткізді.

Жиын соңында ауыл тұрғындары атынан сөз алған Ермек Шаштайұлы Nur Otan партиясының атынан мәслихат депутаттығына түсіп отырған кандидаттарға алғыс айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Ескерту: Nur Otan партиясы Жамбыл аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді.