Үміткерлер ауыл тұрғындарына Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды

Сенбі күні Таран ауылдық округіндегі Балғабек Қыдырбекұлы ауылындағы Мәдениет үйінде аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Айдын Жүнісов пен Нұржан Ысқақов ауыл халқымен жүздесіп, Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Жамбыл ауданы, Nur Otan
Фото: Nur Otan партиясының баспасөз қызметі

Жиын соңында сайлауға түсіп отырған қос кандидат ел болашағы үшін дұрыс таңдау жасап Nur Otan партиясына дауыс беріп, өздеріне лайық деп таныған кандидатты қолдауға шақырды.

Ескерту: Nur Otan партиясы Жамбыл аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді.