Денис Тен ісі бойынша сотталғандардың бірі бостандыққа шықты

Бұл туралы Қазақстан жоғарғы соты аппаратының Tengrinews.kz тілшісі жолдаған ресми сауалға берген жауабында айтылады.

Сотталушы Жанар Толыбаеваның қаңтарда Қылмыстық кодекстің 73-бабы негізінде жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру туралы өтініш бергені белгілі болды.

Алматы облысы Іле ауданы сотының 2020 жылдың 6 қаңтарындағы қаулысы бойынша бұл өтініш қанағаттандырылды. Жазаны өтеуді бақылау процесі пробация қызметіне жүктелді, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Жанар Толыбаева 4 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Үкім екі жыл бұрын 2019 жылдың 17 қаңтарында шықты. Ол сол жылдың наурыз айында Алматы колониясында босанды. Бір аптадан соң апелляция сот алқасы оны ең төменгі қауіпсіздік мекемесіне ауыстырды.

Қазақстанның даңқты мәнерлеп сырғанаушысы, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде Алматыдағы Құрманғазы және Байсейітова көшелерінің қиылысында автоұрылардың қолынан қайтыс болды. Олар спортшының сан артериясына пышақ тыққан. Оның қазасы дүниежүзі жұртшылығын күйзелтті.