Кандидаттар Nur Otan партияcының сайлауалды бағдарламасын түсіндірді

Онлайн кездесуге "Ж-Каскелен" ЖШС ұжымымен кәсіпорын қызметкерлері, Алматы облыстық, Қарасай аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар және БАҚ өкілдері қатысты.

Бүгін, 5 қаңтар күні Алматы облысы мәслихат депутаттығына үміткер кандидаттар Б.Абишев, Ж.Бектасов, Ж.Жазықпаева, Қарасай ауданы мәслихат депутаттығына үміткерлер Б.Сүнбеков, Ж.Садуова, О.Чебоненко, А.Балажанова, Е.Константинова, Б.Айнабеков, Е.Жақсыбаев “Ж-Каскелен” ЖШС ұжымымен ZOOM платформасы арқылы онлайн кездесу өткізді.

Қарасай ауданы, Nur Otan
Фото: Nur Otan партиясының баспасөз қызметі

Кездесу барысында аудандық партия филиалының сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді, алдағы маңызды саяси науқанға атсалысуға шақырды.

Қарасай ауданы, Nur Otan
Фото: Nur Otan партиясының баспасөз қызметі

Ескерту: Nur Otan партиясы Қарасай аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді.