Тест: қаншалық жаман адамсыз?
Осы айда оқырмандар редакцияның бірнеше тақырыпта құрастырған тестінен өтіп, ерекше қызыққан екен. Әсіресе, «Қаншалық жаман адамссыз?» атты тест оқылым бойынша көш бастап тұр. Соған қарағанда адамдар өз мінезінің жаман тұсын да білгісі келетін сияқты.
Тест: 2021 жылы сізді не күтіп тұр?
Көбіміз жаңа жылда жаңа арман-мақсаттарды көздейміз. Өткен жылда жіберген қатені қайталамауға тырысамыз. Сонымен бірге келер жылдан тек жақсылық күтетініміз жасырын емес. Оқырмандар осы тақырыпқа қатысты Baribar.kz ұсынған тестіден өтіп, көңіл көтеріпті.
“Осындайлардан қорқу керек”: Хиджабтағы қыздардың әңгімесі
«Анам қыз-келіншектердің хиджаб киюін қолдамайды. Теледидардан оранған қыздарды көрсе, жақтыртпайтын. Қазір мен де сол қыздар секілді хиджаб киіп жүргенімді анам білмейді»,- дейді кейіпкер.
Baribar.kz осы айда хиджабтағы қыздардың өмірі, олардың киіну образына басқалардың көзқарасы туралы әңгімесімен бөліскен еді. Бұл да желтоқсанда біздің портал оқырманына қызық болған топ-3 материалдың қатарында.
16+. Әйелдің интим аймағы гигиенасын сақтау тәртібі
Baribar.kz «Интим: 16+» айдарын жалғастырады. Бұл жолы әйелдің интим аймағы тазалығы туралы сауалдарға акушер-гинеколог Гүлбану Жаймырзаевадан сұхбат алды. Бұл тақырып оқырмандар үшін маңызды болған екен.
Жаңа жылда көп шығындалмаудың 4 жолы
Дәл қазір біразы Жаңа жыл мерекесіне орай сыйлық іздеп, азық-түлік алып жүрген болуы керек. Мереке қарсаңында көп шығындалмау үшін Baribar.kz пен финансист Күнекей Нұрланның бірер кеңесін көп оқыған екен.