Nur Otan-ға қабылданған азаматтарға партия билеті табысталды

Салтанатты шараға Nur Otan партиясы Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов, партияның белсенді мүшелері және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынның басты мақсаты партияға жаңадан қабылданған азаматтар мен азаматшаларға салтанатты түрде партия билеттерін табыстау болды. Басқосуда Мәлік Бейсенов партия қатарына қабылданғандарды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Nur Otan партиясы билеті
Фото: Nur Otan партиясының баспасөз қызметі

Бүгін Тәуелсіздік күніне орай жуырда партия құрамына қабылданған бірқатар азаматқа партиялық билеттерді салтанатты түрде тапсыруға бас қосып отырмыз. Өздеріңіз білесіздер, келер жылы тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Осы уақыт ішінде біздің еліміз әлемге танылып, терезесу тең, әлемдік деңгейдегі Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. Атап келгенде, мұның бәрі – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында қол жеткізген жетістіктеріміз. Халық Елбасын ұлт көшбасшысы ретінде таниды. Себебі, Елбасының еліміздің дамуына, мемлекеттегі тұрақтылық пен татулықты сақтауда сіңірген еңбегі зор, — деді ол.

Бұдан кейін Мәлік Аманбайұлы 3 адамға салтанатты түрде партия билеттерін табыстап, сәттілік тіледі. Партия билетін алғандардың барлығы — жастар. Олар: Ержан Нұрдана, Шанайхан Темірбек, Тәліп Неля.

Ескерту: Nur Otan партиясының Көксу аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді.