Тұрғындар әлеуметтік желілерде шұңқыр құбыр жарылғаннан кейін пайда болғанын хабарлады.
Екі күн бұрын құбырлар жарылған, ешкім ештеңе істемеді, ал таңертең осындай шұңқыр пайда болды, — деп шағымданды видео авторы.
«Алматы су» баспасөз қызметі жол опырылғаны туралы хабарлама 20 желтоқсан күні сағат 07.45-те түскенін айтқан. Компания мәліметінше, шұңқыр орны толтырылды.
Тексеріс барысында сумен жабдықтау желісінде су аққаны анықталды. Төтенше жағдайлар қызметі апат салдарын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Су ағуы тоқтады. Жұмыс барысында жақын маңдағы үйлерге су беру үзіліссіз жүргізілді және үйлерге ешқандай қауіп-қатер болған жоқ, — деді «Алматы су» қызметкерлері.