Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов әлеуметтік желідегі парақшаларында хабарлады.
Тәуелсіздік күніне орай қазақстандық 3 000 отбасыға арналған керемет жаңалық! 2020-2021 оқу жылына арналған жоғары білім беру гранттарын конкурстық тағайындаудан кейін игерілмей қалған (бакалавр) гранттарды қайтадан бөлдік, — деп жазды Дидар Смағұлов Instagram-да.
Тізімді мына сілтемеден көруге болады.
Еске салайық, 2020-2021 оқу жылдарына бөлінген білім гранты иегерлерінің тізімі 15 тамызда жарияланды. 6 қыркүйекте тағы 4 000 бала қосымша жоғары білім беру грантын иеленді. Мемлекет биылғы оқу жылында 36 жоғары оқу орнына грант бөлмеді.