Қазақстанда 4000 бала жоғары білім беру қосымша грантын иеленеді

Дидар Смағұловтың жазуынша, білім гранты конкурсына қатысқан ата-ана қамқорлығынсыз қалған бірде-бір баланың грантсыз қалмаған.

Ал игерілмеген гранттар 2020 жылғы түлектерді барынша қамту үшін қайта тағайындалатыны мені ерекше қуантып отыр. 15 қазанға дейін біз тағы 4000-нан астам жанұяны қуантамыз, оларға Үкіметтің тиісті жарлығынан кейін қосымша гранттар тағайындалады (педагогика ғылымдары, АКТ, инженерлік, өңдеу мен құрылыс салалары, ауыл шаруашылық және биоресурстар), — деп жазды Дидар Смағұлов.

Айта кетейік, 2020-21  оқу жылы үшін Қазақстанның жоғары оқу орындарына 53 мыңнан астам грант берілді.