Басты бетМедицинаҚазақстанда 25...

Қазақстанда 25 желтоқсаннан бастап карантин күшейеді

Премьер-министр Асқар Мамин Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, коронавирус инфекциясының бір тәуліктегі өсімі 0,4%, репродуктив көрсеткіш 0,9 болды. Инфекциямен күреске деп дайындалған төсек орындарының 28%-і, реанимация төсек орындарының 20%-і толған.

5 өңір коронавирус бойынша «қызыл» және «сары» аймақта, олар: Атырау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары. 2021 жылдың қаңтар-ақпан айларында жедел респиратор вирус инфекциясы мен тұмау көбеюіне байланысты COVID-19 жұқтырудың жоғары қаупі бар.

Осыған байланысты ведомствоаралық комиссия бірқатар шешім қабылдады:

  • 2020 жылдың 25 желтоқсанынан бастап 2021 жылдың 5 қаңтарына дейін ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде жаңажылдық ертеңгіліктер мен мерекелік корпоративтерді өткізуге тыйым салынады.
  • Эпидемиология ахуалы тұрақталғанға дейін «Теңіз» кен орнында шектеу шаралары күшейтіледі.
  • Бөлшек сауда желісінде антиковид дәрілік заттардың бағасын орта есеппен 24% төмендету бойынша шаралар қабылдау.

Еске салайық, Қазақстанда өткен тәулікте 652 адам СOVID-19 жұқтырды. Бүгінге дейін инфекция жұқтырғандар саны 146 584-ке жетті.