Алексей Цой тұмауға қарсы вакцина салдырды

Бүгін республикалық вакцинация науқаны басталды. Денсаулық сақтау министрі Нұр-Сұлтан әкімдігінің №6 қалалық емханасында «Гриппол+» вакцинасын салдырды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Жылда күз келгенде ЖРВИ мен тұмау өршиді. 2019-20 жылғы эпидемиология маусымында  ЖРВИ-мен ауырған 431 120 адам тіркелді, оның ішінде 2,5 мыңнан  астам науқас зертханада анықталған тұмауға шалдыққан. Оның 284 033-і немесе 61,4%-і — 14 жасқа толмаған балалар. Биыл халықты вакцинациялау аса қажет, өйткені коронавирус пандемиясы кезінде тұмау да өршуі мүмкін, сол кезде елдегі жағдайды тұрақтандыру қиын болады. Сондықтан бұл жолы елімізде вакцинацияны жылдағыдан екі апта бұрын бастаймыз. Қазақстан қауіпсіз, тиісті зертханалық сынақтардан және бақылаудан  өткен, сапалы вакцина сатып алғанын көрсету үшін өзім бірінші болып  екпе салдырдым, — деді Алексей Цой.

Айта кетейік, 2020 жылы Қазақстанда егу науқаны 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында өтеді. Бірыңғай дистрибьютор халықтың 10%-інен артығын тегін вакцинациялау үшін Ресейде өндірілген «Гриппол+» екпесінің 2 миллионнан астам дозасын сатып алды. Вакцина құрамында  тұмаудың  үш штаммы — А(H3N2), А(H1N1) және В қарсы антиген бар.

«Гриппол+»  вакцинасы тұмауға қарсы жоғары иммунитет қалыптастырады.

Вакцинация тәуекел тобына кіретін адамдар үшін тегін:

  • мектеп жасына толмаған және мектеп жасындағы балалар;
  • медицина қызметкерлері;
  • жүкті әйелдер (жүктіліктің 2-3 триместрі);
  • жабық мекемелердегі адамдар (балалар үйі, мектеп-интернаттар);
  • созылмалы ауруы бар ересектер мен балалар;
  • 60 жастан асқан қарттар.