Санитария талаптары толығымен ескеріліп ұйымдастырылған жиында облыстық мәслихаттың депутаттығына үміткер Мирболат Құрманғалиев сөз алып, жиналғандарды партияның егемендік жылдарында атқарған жұмыстарымен таныстырып, болашақ жоспарына шолу жасады. Өзінің сайлауалды бағдарламасы, ел игілігіне қамдар жұмыстарын тілге тиек еткен ол партияның ұйытқы болуымен жүзеге асқан қарымды істерге тоқталды.
Тек Жаңабұлақ ауылының негізінде алар болсақ, осы жылдың өзінде мұнда қоспәтерлі баспана бой көтеріп, ауылға кіре беріс жолға асфальт төселді. Ауыл-елдің әлеуетінің артуы – партияның түпкі мақсаты екені аян. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар алда да партия мүшелерінің басты назарында болмақ.
Осыдан кейін аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткер Әсел Ерментаева қашықтан оқыту кезінде біраз қиындықты өткерген білім беру саласындағы жаңа бағдарламалар, соны өзгерістерге тоқталды.
Тағы бір үміткер Бағдат Темірғалиев партияның сайлауалды бағдарламасының ұтымды тұстарын кеңінен баяндады. Сонымен қатар жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, саламатты өмір салтын қалыптастыру, жас ұрпақ тәрбиесі, интернетпен қамту мәселелері тереңірек қаузалды.
Үміткерлер тұрғындар тарапынан сұрақтарға тұщымды жауап беріп, оларды 10 қаңтарда өтетін сайлауда Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды.
Ескерту: Nur Otan партиясының Ақжайық аудандық штабының сайлау қорының қаражатынан төленді.