Қызылорда облысындағы 96 ауылға жоғары жылдамдықты интернет жеткізіледі

Осы орайда, Қызылорда облысының  96 ауылдық елді мекеніне жоғары жылдамдықты байланыс желісі салынады. Бұл туралы Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Юлия Тремасова мәлімдеді.

Облыстағы шалғай ауылдарға талшықты-оптикалы желі орнатылады. Бұл елді мекендерді жоғары сапалы интернетпен қамтамасыз етіп, ұялы байланыс операторларына өздерінің базалық станцияларын орнатады. Сонымен қатар ұялы операторлар 3G/4G технологияларын қолданады. Аймақта кейінгі екі жылда «Цифрлық Қазақстан» және «Ақылды қалалар» эталондық стандарты мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 50-ге жуық жоба іске асырылды. Бұған қоса, «Автоматтандырылған жүйелерді орнату» жобасы шеңберінде жылдамдық өлшегішті орнату бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, – деді Юлия Тремасова

Сонымен қатар қалаішілік қоғамдық көліктерде электрон билет жүйесі іске қосылғаннан кейін аялдамаларда ақпараттық тақта қою жоспарланып отыр.