Абай атындағы мемлекеттік сыйлық кімдерге берілді?

«Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2020 жылғы мемлекеттік сыйлығы:
  1. Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлына, мәдениеттанушы — «Абыз Әбіш» зерттеуі үшін;
  2. Ақсұңқар Серікке, ақын — «Көкейімде Күлтегіннің жазуы» өлеңдер жинағы үшін;
  3. Есім Ғарифоллаға, жазушы — «Ғұлама-наме» трилогиясы үшін;
  4. Жолдасбеков Мырзатайға, әдебиеттанушы — «Ұлы дала әдебиеті» тарихи-әдеби зерттеулер жинағы үшін;
  5. Қанапиянов Бақытжан Мұсаханұлына, ақын — «Достояние души» өлеңдер жинағы үшін;
  6. Мұқанова Роза Қажығалымқызына, драматург — «Сарра» драматургиялық шығармалар жинағы үшін;
  7. Нұрмағанбетов Тынымбай Нұрмағанбетұлына, жазушы — «Періштелердің өлімі» прозалық шығармалар жинағы үшін берілсін.
  8. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі«.