Роза Мұқанова мен Ақан Бижанов Президентпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада жазушы, драматург Роза Мұқановамен және саяси ғылымдар докторы, Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Ақан Бижановпен кездесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Роза Мұқанова
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Роза Мұқанова. Фото: Akorda.kz

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Роза Мұқанова Мемлекет басшысына Қазақ ұлттық өнер университетінің жас мамандарды даярлау бағытындағы жұмысы жайында айтты. Әңгімелесу барысында отандық драматургия мен театр өнерін дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

Ақан Бижанов Президентке өзі басқаратын институттың жұмысы, Қазақстан ғылымының, идеологиясы мен мәдениетінің қазіргі ахуалы мен даму перспективалары туралы айтты. Кездесу кезінде әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абайдың 175 жылдығын өткізу мәселелері де сөз болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ақан Бижанов
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ақан Бижанов. Фото: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды әлеуметтік-саяси жағынан жаңғырту мен өскелең ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру барысында әл-Фараби мен Абайдың ғылыми және рухани мұрасын негізге алу қажет екенін айтты.