Басты бетҚоғамПрезидент мектептерде...

Президент мектептерде волонтерлыққа қатысты факультативтер енгізуді ұсынды

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, президент волонтерлық ұйымдарды қолдау және оларға арнайы гранттар бөлу жұмысын жалғастыру қажет екенін айтты.

Қайырымдылық істерді жалғастыру үшін волонтерлықты дамытудың жол картасын және оларды даярлауға арналған бағдарлама әзірлеу керек. Үкіметке волонтерлық қызметті қолдаудың бірыңғай стандартын жасау тапсырылды.

Волонтерлық бұл жай ғана әлеуметтік құбылыс емес, тіпті, бір күнде қалыптасатын әдет немесе дағды деуге де болмайды. Бұл — көп адамның саналы түрде таңдаған өмір салты. Қайырымдылық — адамның бала кезінен бойға сіңетін қасиет. Сондықтан өскелең ұрпақты жастайынан жақсылық жасауға тәрбиелеу — өте маңызды міндет.  Осы ретте барлық білім беру мекемесінде тақырыптық сабақтар мен факультатив сағаттар енгізуді ұсынамын. Қоғамға қызмет етуді зердесіне түйген ұл-қыздарымыз нағыз азамат болары анық, — деді мемлекет басшысы.