Мұның алдында ол Алматы қоғамдық денсаулық басқармасы Орталық қалалық клиника ауруханасының директоры қызметін атқарды.
Нариман Табынбаев 1961 жылы 23 ақпанда туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын, Қазақ инженерлік-техникалық академияны тәмамдаған. Профессор, медицина ғылымдарының докторы.
Еңбек жолын 1985 жылы Қызылорда облысының Орталық аудандық ауруханасында балалар хирургі болып бастаған.
1988 жылдан 1994 жыл аралығында эндоскопия бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда облысы ауруханасы бас дәрігерінің диагностикалық орталығы бойынша орынбасары болып жұмыс істеген.
1994 жылдан 1997 жыл аралығында Алматы облысы Орталық аудандық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары болды.
1997 жылдан 2002 жыл аралығында Урология ғылыми орталығында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, бас дәрігер болып жұмыс істеді.
2008 жылдан 2014 жыл аралығында Қызылордадағы облыстық медицина орталығы директоры, Урология ғылыми орталығы директоры қызметтерін атқарды.
2014-2015 жылдар аралығында Нұр-Сұлтандағы «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.
2015 жылдан 2018 жыл аралығында Нұр-Сұлтандағы Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығының директоры болып жұмыс істеді.
2019 жылдан 2020 жыл аралығында Fox Chase Cancer Center (Philadelphia, АҚШ), University of Minnesota (Minneapolis, АҚШ) тағылымдамадан өтті.