Жыныс ауыстыруға кімдер өтініш бере алады?
21 жастан асқан, өз ісі үшін жауап беруге қабілетті азамат жыныстық сәйкестендіру ауытқушылығы бар болған жағдайда жынысын ауыстыра алады. Психикалық және мінез-құлқында ауытқулары бар, ерте жыныстық даму ауруы бар адамға бұл қадамға баруға рұқсат етілмейді.
Процесс қалай түзілген?
Жыныс ауыстыру үшін азамат психикалық денсаулық сақтау мекемесіне өтініш жазады. Психиатр дәрігер азаматты қарап, оның ерте жыныстық дамуының бар-жоғын анықтау үшін құжаттарын мұқият тексереді. Дәрігер бұл азаматтың психикалық жағдайына күмән келтірсе, оны психикалық денсаулық саласындағы медициналық мекемеге стационар тексеруге жібереді.
Психиатр азаматтың психикалық немесе мінез-құлық ауытқулары жоқ екенін білсе, оны тіркелген мекенжайы бойынша емханаға жібереді. Онда өтініш берген адам медициналық тексеруден өтеді.
Азамат медицина мекемесінде дәрігерге қаралып болған соң медициналық куәландыру комиссиясына барады. Бұл іске де психиатр жауапты. Комиссияны медициналық ұйым басшысы бекітеді. Одан кейін гормон алмастыру терапиясы басталады. Жынысын ауыстыруды жүргізуге тілек білдіруші осы терапиядан кейін де комиссияның медициналық куәландыруына жіберіледі.
Комиссия құрамына кімдер кіреді?
Медициналық куәландыру комиссиясы құрамында мына мамандар болады:
— үш психиатр. Бірінде сексопатология саласында арнайы білімі болуы керек;
— уролог;
— гинеколог;
— терапевт;
— эндокринолог;
— психолог.
Комиссия төрағасын медициналық ұйым басшысы психиатрлар арасынан таңдайды.
Комиссия мынадай қорытындыларға келе алады:
— гормондарды алмастыру терапиясын жасату (жасатпау) туралы;
— жынысты хирургиялық жолмен ауыстыру (ауыстырмау) туралы;
— жынысын ауыстырғысы келетін адамды қосымша тексеру туралы.
Қандай адамға жыныс ауыстыруға рұқсат етілмейді?
Медициналық куәландырудан мынадай азамат өте алмайды:
— қатты немесе созылмалы ерте жыныстық дамуы бар;
— генетикалық немесе хромосомалық ауытқулары бар;
— жынысын ауыстыру процесінде өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін соматикалық ерекшеліктердің болуы;
— жыныс ауыстыру процесінің бірінші кезеңі — гормон алмастыру терапиясының теріс нәтижелері болуы.
Адам комиссия қорытындысы оң болған жағдайда ғана жынысын ауыстыра алады.
Жыныс ауыстыру екі кезеңнен тұрады:
1) гормон алмастыру терапиясы;
2) жынысты хирургиялық жолмен ауыстыру. Бұл процесс осы іске лицензиясы бар медициналық мекемеде ғана жасалады.
Жыныс ауыстыру кезіндегі гормонды алмастыру терапиясы Қазақстан Республикасында эндокринологиялық көмек беру стандарты бойынша жүзеге асырылады.
Жынысты хирургиялық жолмен ауыстыру акушерлік-гинекологиялық көмек беруді және урологиялық және андрологиялық көмек беруді ұйымдастыру стандарты бойынша жүзеге асырылады.
Жынысын ауыстыруға өтініш берген адамға қатысты медициналық куәландыру жөніндегі комиссия қорытындысын комиссия хатшысы үш данада жасайды. Оған комиссияның төрағасы мен барлық мүшесі қол қояды.
Комиссияның жыныс ауыстырудың бірінші немесе екінші кезеңі басталғанға дейін жасаған бұл қорытындысы қолданылу мерзімі 6 айдан аспайды. Бұл мерзімде жоғарыда аталған аурулар туындамаған жағдайда ғана. Комиссия хатшысы 3 жұмыс күні ішінде зерттелген адамға қорытындының екі данасын береді. Қорытындының үшіншісі медициналық ұйымда сақталады.
Денсаулық сақтау министрі бұйрығымен мына жерден толық таныса аласыз.