Басты бетМедицинаАсқар Мамин...

Асқар Мамин коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаның пайдасы туралы айтты

Премьер-министр Асқар Мамин президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа коронавирус инфекциясына қарсы отандық вакцинаның әзірлену барысы туралы айтты.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, премьер-министр президентке 29 қараша күні клиника сынақтарының 1 және 2-кезеңдері аяқталғанын хабарлады.

Асқар Маминнің айтуынша, отандық вакцинаның зияны анықталған жоқ, керісінше, оның пайдасы тіркелді.

25 желтоқсаннан бастап клиника сынақтарының 3-кезеңі басталады, вакцина 3 мың волонтерға егіледі. Сынақтар 2021 жылы наурыздың соңына қарай толық аяқталады.

Үкімет басшысы осы жылдың соңына дейін 2 миллион мөлшер көлеміндегі отандық вакцинаның алғашқы партиясы шығарылатынын айтты.