Еріктілер қозғалысын дамыту мақсатында ұйымдастырылған шараға Түркістан облысының белсенді жастар қатысты. Жоба мақсаты — волонтерлік қызметке қатысуға жастардың ынтасын арттыру және «Волонтер жылының» 7 жалпыұлттық жобасы аясында іске асырылып жатқан іс-шаралар мен жобаларды талқылау.
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің басшысы Амалбек Өміртайдың айтуынша, биылғы «Волонтерлар жылында» оларға мемлекет тарапынан түрлі қолдаулар қарастырылып отыр.
Мұндай семинар-тренингтер еріктілердің біліктілігін арттырады. Сонымен қатар, облысымыздың волонтерлары осы уақытқа дейін де аталған қызметтің 7 бағытын дамытуға белсенді қатысып жүр. Алдағы уақытта да олардың белсенділігі мен құлшыныстары төмендемейді деп сенемін, — дейді орталық басшысы.
Жастар басқосуында волонтер ұғымына жалпы түсінік беріліп, олардың қоғамдағы орны мен маңызы талқыланды. Психологиялық ойындар ойнатылып, жастар өзара тәжірибе алмасты. Теориялық және практикалық сабақтарды қамтыған семинар өңірдің бірнеше аймағында жалғасын тапты.
Мұндай ойындар арқылы волонтерлардың түрлі жағдайлар кезінде шешім қабылдауына, өз ойларын ашық айту мен мақсаттарын айқын анықтауға көмегін тигізеді. Төрт күнге созылған семинар кезінде 16 аудан-қаланың жастарымен кездестім. Олардың белсенділіктері мені тәнті етті, — деді Назира Кенжебеккызы.
Семинар-тренинг соңында қатысушыларға сертификаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды.