Басты бетМедицинаШҚО коронавирус...

ШҚО коронавирус жұқтырғандар саны бойынша 1-орынға шықты

Жаңа дерек Шығыс Қазақстан облысында көп тіркелді. Мұнда кейінгі тәулікте 170 адамның COVID-19 жұқтырғаны белгілі болды. Солтүстік Қазақстан облысында 117, Павлодар облысында 107 науқастан инфекция анықталды.

Ал Маңғыстау және Қызылорда облыстарында коронавирус жұқтырғандар жоқ.

Елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 129 213-ке жетті. Оның ішінде:

Шығыс Қазақстан облысында — 15 911 (+170);
Алматыда — 15 876(+74);
Нұр-Сұлтанда — 15 833(+71);
Атырау облысында — 11 583(+12);
Қарағанды облысында — 11  030(+21);
Батыс Қазақстан облысында — 7912(+41);
Солтүстік Қазақстан облысында — 6 067(+117);
Павлодар облысында — 6 017(+107);
Алматы облысында — 5 626(+21);
Шымкентте — 5 349(+4);
Қостанай облысында — 5 050(+75);
Ақмола облысында — 4 912(+76);
Жамбыл облысында — 4 382(+16);
Ақтөбе облысында — 3 474(+5);
Түркістан облысында — 3 471(+3);
Маңғыстау облысында — 3 431(+0);
Қызылорда облысында — 3 289(+0).

Жазылып шыққандар

Қазақстанда 563 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:

Ақмола облысында — 12,
Ақтөбе облысында — 1,
Алматы облысында — 8,
Атырау облысында — 10,
Шығыс Қазақстан облысында — 198,
Батыс Қазақстан облысында — 54,
Қарағанды облысында — 22,
Қостанай облысында — 37,
Қызылорда облысында — 2,
Маңғыстау облысында — 48,
Павлодар облысында — 15,
Солтүстік Қазақстан облысында — 156.

Елімізде барлығы 115 384 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

Ауырып жатқандар

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 11 816 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 781 бала бар. 3 276 науқас стационарларда, 8 540 адам амбулатория жағдаында ем алып жатыр.

Жалпы науқастардың арасында 208 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 31 науқастың жағдайы аса қатты ауыр, 30 науқас өкпені  жасанды желдету аппаратында жатыр.

COVID-19 белгілері бар пневмония

Өткен тәулікте 161 дерек тіркелді, 5 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 73 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 41 756 адам пневмония жұқтырды, 439 науқас қайтыс болды, барлығы 30 362 адам жазылып шықты.