Imanbek Roses ремиксі үшін Грэмми сыйлығына ұсынылды

Достар, Грэммиге үміткер болдым және бұл адам сенгісіз! Қолдауларыңызға көп рақмет, — деп жазды Imanbek.

Imanbek

Imanbek — Грэммиге үміткер болған алғашқы қазақстандық. Ремикс YouTube-те 117 миллионнан астам рет қаралым жинаған.

Бұған дейін Imanbek-тің британ диджейі Marshmello және АҚШ әншісі Usher-мен бірлесіп Too Much атты трек жазғанын хабарлаған едік.

Imanbek лақап атымен белгілі ақсулық (Павлодар облысы) Иманбек Зейкенов 2019 жылы Saint Jhn орындауындағы Roses әнінің ремиксімен бүкіл дүниежүзіне танымал болған еді. Бұл ремикс дүниежүзі бойынша көп чартқа енді, ал Shazam-ның әлемдік тізімінде 3-орын алды.

Imanbek – бұдан бөлек Take Me (O’Neill-мен бірге), Hot (Parah Dice-пен бірге), Dope сияқты түрлі релиздің авторы.