Басты бетБастыРесей зымыраны...

Ресей зымыраны Қазақстандағы нысананы атты

Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, РС-12М «Тополь» құрлықаралық баллистикалық зымыраны 24 желтоқсан күні Астана уақыты бойынша түнгі сағат 23:55-те атылған. Мәскеу «Тополь» құрлықаралық баллистикалық зымыранын әскери жарақтану дайындығын тексеру үшін атылған дейді.

Ресей бұған дейін бірнеше мәрте Астрахандағы «Капустин Яр» полигонынан «Тополь» құрлықаралық баллистикалық зымыранын сынақтан өткізген. Ол зымырандардың барлығы Сарышаған полигонындағы шартты нысанаға бағытталып, дәл тиген. Соңғы сынақ биыл тамыз айында жасалған. Ол кезде де «Тополь» Сарышағандағы шартты нысананы атып түсірген.

Ресей Қарағанды облысындағы Сарышаған полигонының бір бөлігін 1996 жылы Қазақстанмен жасалған келісім бойынша жалға алған. Полигонның қалған бөлігін Қазақстан пайдаланады.

Дереккөзcentralasian.org