Соның ішінде әлеуметтік-мәдени объектілерді салуға, күрделі және ағымдағы жөндеуге 17,2 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаржыға 126 жоба қолға алынып, 3946 жұмыс орнын құру көзделген.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы бойынша 6,8 миллиард теңгеге 42 жоба әзірленіп, 1658 адам жұмысқа орналасқан. Ал инженерлік-көлік саласындағы 62 жобаға 12,5 миллиард теңгеге бағытталып, 3474 тұрғынды жұмыспен қамтыды.
Елді мекендерді абаттандыруға 47 жоба жасалып, 2,4 миллиард теңге қарастырылды. Нәтижесінде ауыл жерлерде 899 жұмыс орны ашылды. Жұмыспен қамту жол картасы жобаларында орташа жалақы 88 242 теңге болды.
«Жұмыспен қамту жол картасы» жобалары аяқталғаннан кейін жаңа жобаларда 452 тұрақты жаңа жұмыс орны құрылады.