Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 124 710 адамға жетті. Оның ішінде:
Алматыда — 15542(+84),
Нұр-Сұлтанда -15511(+63),
Шығыс Қазақстан облысында — 14877 (+227),
Атырау облысында — 11510(+14),
Қарағанды облысында — 10919(+20),
Батыс Қазақстан облысында — 7687(+44),
Алматы облысында — 5495(+22),
Солтүстік Қазақстан облысында — 5432(+87),
Шымкентте -5323(+8),
Павлодар облысында — 5389(+95),
Қостанай облысында — 4624(+72),
Ақмола облысында — 4507(+59),
Жамбыл облысында — 4304(+11),
Түркістан облысында — 3454(+5),
Ақтөбе облысында -3434(+3),
Маңғыстау облысында — 3422(+2),
Қызылорда облысында -3280(+6).
COVID-19-дан айыққандар
Қазақстанда өткен тәулікте 412 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:
Нұр-Сұлтанда — 33,
Алматыда — 22,
Ақмола облысында — 87,
Ақтөбе облысында — 2,
Атырау облысында — 1,
Шығыс Қазақстан облысында — 88,
Батыс Қазақстан облысында — 11,
Қарағанды облысында — 9,
Қостанай облысында — 82,
Павлодар облысында — 11,
Солтүстік Қазақстан облысында — 62,
Түркістан облысында — 4.
Елімізде барлығы 111 895 адам COVID-19-дан сауығып шықты. Өткен тәулікте коронавирустан 7 адам көз жұмып, жалпы статистика 1 977 адамға жетті.
Ауырып жатқандар туралы мәлімет
Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 10 838 адам ем алып жатыр. Олардың арасында 511 бала бар. Стационарларда 3 127 науқас жатыр, 7 711 адам амбулаториялық жағдайда емделіп жатыр.
Жалпы науқастардың арасында 224 адамның жай-күйі нашар. Соның ішінде 24 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағаланып отыр. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Коронавирус белгілері бар пневмония
Өткен тәулікте 154 дерек тіркелді, 1 науқас қайтыс болды. Бір тәулік ішінде 91 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап 41 002 адамнан пневмония анықталды, оның 425-і қайтыс болды, 29 960 адам сауығып шықты.